ТЖ

Құтқарушылар сақ болуды ескертеді

 

 

Қараша айы басталмай жатып, өңірімізде түскен жауын-шашын мөлшерден асып үлгерген. Бүгін түнде 4 мм-ден 8 мм-ге дейінгі қалыңдықта қар жауыпты. Мұндай қарлы боранда 500-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықты ғана көру мүмкін. Мұндай ауа райы, әрине, көлік жүргізушілері үшін қауіпті.

-Жолда сақ болуға тырысамыз. Бірақ ауа райына қарамастан, жұмыс бабымен қала сыртына шығуға тура келеді.
– Ең бастысы жылдамдықты асырмай, жол ережелерінің сақталуы тиіс. Міндетті түрде қысқы доңғалақтарды салу қажет.

12-ші қараша күні синоптиктер желдің екпіні секундына 32 метрге жетеді деген болжам жасаған болатын. Дегенмен, желдің екпіні одан әлдеқайда бәсең. Соның өзінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс дейді мамандар.

Евгений Журавлев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
– Облысымызда әлі жолдар жабылған жоқ. Бірақ жүргізушілер төтенше жағдайлар департаментінің хабарламаларына құлақ түре жүрулері тиіс. Қажет жағдайда 112 нөмірі бойынша біздің қызметімізге қоңырау шалуға болады.

Яғни, мұндай ауа райында шұғыл қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпаған дұрыс.

 Инеш Шоқақова