Мәдениет

“Алуа” ансамблінің жеңісі



 

Тәжірибелі хореограф Жанна Темірбаеваның жетекшілігімен талай жетістіктерге жетіп жүрген “Алуа” би ансамблі екі жыл бұрын құрылыпты. Мұнда түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топ бар. 5 пен 7 жас шамасындағы қыздар таяуда ғана Алматы қаласына барып қайтты. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушыларынан құралған қазылар алқасының алдында екі би билеп, 3-ші орынды иеленді.

  Жанна Темірбаева,  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры жанындағы “Алуа” би ансамблінің жетекшісі:

– Байқаудың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары болды. Қазақстанның өзге қалаларынан 17 топ қатысты. Біз “Алатау түстері” және “Кішкентай адам” деген екі би ұсындық. Менің қыздарым тамаша өнер көрсетіп, көңілімнен шықты.

Ділнәз Біләлова “Алуа” құрамында 2 жыл билеп жүр. Осы уақытта ол бірталай биді үйреніп қалыпты. Биші қыздар   Алматыға тағы барсақ дейді. Өйткені, әсем қалада қыдырғандары балаларға зор әсер қалдырыпты. “Алуа” би ансамблі осымен халықаралық “Ақ көгершін” байқауына жолдама алып отыр. Енді  олар көктемде Астанаға баруға қамданбақ.

Данаш Хамзина