Спорт

Жол полицейлері арасындағы футбол сайысы



 

Шағын футболдан алты жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыс биыл да жалғасын тапты. Жол бойындағы тәртіпті қадағалап, қауіпсіздік шаралары үшін жауап беретін сақшылардың дені сау әрі шымыр болуы керек. Сондықтан да мұндай спорт шараларының өткізіліп тұруының маңызы зор.

 Серік Ыдырысов,СҚО ІІД бастығының орынбасары:
– Қазақстан полициясы құрылғаннан бергі 20 жылдың ішінде аз жұмыс жасалған жоқ. Жол оқиғасының алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Ең бастысы, жүргізушілер де, тәртіп сақшылары да жол қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек.  

Жарысқа барлығы 8 команда қатысады. Әр құрамада 6 ойыншыдан бар. Алғашқы кездесулердің бірі көлік жүргізушілерін дайындайтын оқу орындары мен жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің арасында өтті. Жалпы әрбір команда тартысты ойын көрсетуден үмітті.

 Димаш Бытышев, СҚО ІІД ЖПБ жеке батальон инспекторы:
– Осы жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Дайындығымыз жаман емес. Жеңеміз деп үміттенемін.

Жарысқа көп жылдардан бері жол полициясы саласында еңбек еткен ардагерлер де қатысты. Қызметін қатардағы инспекторлықтан бастаған Әбдірахман Тоқышев 30 жыл бойғы еңбек өтілінде жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Бүгінгі додада ол құрамасының жақсы ойын көрсететініне сенімді.

Әбдірахман Тоқышев, СҚО ІІД ЖПБ ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Өткен жылы волейболдан үшінші орын алдық ардагерлер. Оның алдыңғы жылы екінші орын алдық футболдан. Биыл да қатысып отырмыз. Шамамыз келсе жақсы болсын деп тырысамыз.

Шағын футбол мен волейболдан өтетін турнир қарашаның 17-не дейін жалғасады. Жеңімпаздар есімі полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні белгілі болмақ.

Әспет Әбдірешова