Салық басқармасы

Салық туралы есепті қарашаның 15-не дейін тапсыру керек

 

Аталған тұлғаларға есептерін департаментке келіп, почта арқылы немесе электронды түрде жіберуіне болады. Салық есебі уақытында өткізілмеген жағдайда әкімшілік кодекске сәйкес айыппұл салынады. Сондай-ақ, 2013 жылғы қазанның 1-нен бастап салық төлеушінің тіркеу нөмірінің орнына жеке және бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің болуы міндетті.Салық департаментінің мамандары жаңа жылдан бастап біржолғы талонның алып тасталынатынын да айтты. Яғни, базарда саудамен айналысатын салық төлеушілер енді салық тәртібінің бір түрі патент немесе декларация толтырады.

 

Данаш Хамзина