Билік

Мемлекеттік қызмет заңнамасына өзгертулер енгізілмекші



Құжаттың қажеттілігін уақыт өзі дәлелдеп берді дейді мамандар. Себебі мемлекеттік қызметтегі азаматтардың негізсіз жұмыстан босатылуы, тамыр-таныстықпен қызметке алу, байқау қорытындыларының кей жағдайда белгіленген адамдардың мүддесіне жасалуы осыған дәлел. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстық басқармасы бастығының орынбасары Светлана Зайцева құжат мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа тұсау салады дейді. Яғни, азаматтарды жұмысқа алу барысында бармақ бастылық пен көз қыстылықққа жол берілмейді.

Светлана Зайцева, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық басқармасы бастығының орынбасары:

 – Аталған Концепция негізінде мемлекеттік орган жұмысында мөлдірлік қамтамасыз етіледі. Азаматтарды жұмысқа қабылдау барысында оларға жоғары талап қойылады, яғни, заң мен этиканы білуі, сауаттылығы, кәсібилігі ескеріледі.

Заң талаптары орындалмаған жағдайда жауапқа тарту қарастырылған, ал Концепцияның жүзеге асу барысын осы құзырлы орган мен сараптамалық кеңес бақыламақ. Мәселен, мемлекеттік қызметке алу кезінде өтетін тестілеуге бақылаушы ретінде қоғам өкілдері мен БАҚ да қатыса алады. Осылайша, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру көзделген.Мақсат Қасымов 2 жыл мемлекеттік қызметкер болып еңбек етеді. Екі тілде де еркін сөйлейтін ол барлық жұмыстың Концепция бойынша атқарылып жатқанын айтты. Бүгінде облыста 528 мемлектетік орган болса, оларда 4 887 адам қызмет етеді екен.

Данаш Хамзина