Кәсіпкерлікті қолдау

Бизнес және экономика

18:44 9 Қараша 2012

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік су жаңа 10 көлікке қол жеткізген. Жаңа, ыңғайлы әрі жылдамырақ. Алыс жолда көліктің осындай сенімді болғаны керек дейді жүргізушілер.

Сондықтан «Ковтун» жеке кәсіпкерлігінде автокөлік паркін жаңарту басты назарда.

Сергей Янин, «Ковтун» жеке кәсіпкерлігінің директоры:
Біздің кәсіпкерлік 2007 жылы ашылған болатын. Содан бері халықаралық жүк тасымалымен айналысамыз. Несиені «БТА» банкінен алып отырмыз. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының арқасында оның жылдық үстемақысы 7 пайыз болды.

Несие 5 жылға алынған. Жалпы жеке кәсіпкерлікті қолдауға 505 млн 367 мың теңге бөлініпті. Ал индустриалды инфрақұрылымды дамытуға – 423 млн 61 мың теңге. Аймақтық үйлестіру кеңесінде 130 кәсіпкерлік субъектісінің өтініші қарастырылып, 128-і қолдау тапқан.

Ольга Цымбалюк, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы:
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттары бойынша жалпы құны 7 млрд 820 млн 200 мың теңге болатын 84 несиеге субсидия берілді. 230 млн 500 мыңның 54 несиесі кепілдендірілді. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 130 млн 900 мың теңге бөлінді.

Бюджет тарапынан несиелендірілген жобалар негізінен жолаушылар және жүк тасымалы, нан, сүт өнімдері өндірісін дамытуға бағытталып отыр. Мал, құс шаруашылығы мен жиһаз жасау саласы да қолдау тапқан. Қазірдің өзінде биылғы жылға бөлінген қаражаттың 81,1 пайызы игеріліпті.

Инеш Шоқақова