Білім

Видеоконференция



 

 

Қай мемлекетті алып қарасақ та, жас ұрпақты  саналы азамат қылып өсруге басымдық беріледі. Бұл орайда әсіресе ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерді жанұялық тәрбиеден үзбеудің мағызы зор. Осы тақырыпта СҚО әкімдігі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығы Ресей және Украин елдеріндегі әріптестерімен өзара пікір алмасты.

 Татьяна Лебедева, СҚО мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының директоры:
– Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан халықаралық конференцияның өзегіне айналып отыр. Онлайн режимінде тәжірибе алмасқаннан кейін ұтымды тұстарын өздерімізде ендіріп түрлі ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдар шығарамыз. Күрмеулі мәселенің түйінін шешу үшін келесі жылы Украин еліне сапар шегіп, ондағы жұмыстармен іс жүзінде танысуды жоспарлап отырмыз.   

Көбіне араққұмар, жанжалға жақын жанұялардың кішкентайлары қамқорлықтан жұрдай. Отбасы – әлеуметтік институт. Сондықтан елімізде жанұяның шырқын бұзбау мәселесіне баса мән беріледі.

 Айгүл Мұстафина, СҚО балалардың құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары:

– Облыста осы мақсатта әлеуметтік қызмет құрылған. Мақсат  -тұрмыс қауқары нашар отбасынан шыққан балаға дұрыс тәрбие беру және ата-анаға әлеуметтік жағдайын түзеуге септесу.
 
Жетім көрсең – жебей жүр. Елімізде жылына 3 мыңға тарта бала асырап алынады екен. Әңгімеге тартылған көрші мемлекеттерде де бұл көрсеткіш осы деңгейде. Биыл Украинадағы тұл жетімдердің 7 пайызы өзге жанұяның қамқорлығына ие болыпты. Ресей мен Қазақстанда да бірегей отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары құрылған.

Жеңіс Ермұқанов