ТЖ

Құтқарушылардың оқу-жаттығулары

“Корона” сауда үйіне жақын орналасқан дүңгіршектердің бірінде орын алған тілсіз жаумен арпалыс тек оқу-жаттығу жұмыстары. Өрт шыққан кезде бұл жердегі жұмысшылар қызыл жалынды өздері ауыздықтауға тырысады. Алайда ол мүмкін болмай, санаулы минуттар ішінде 101 қызметінің мамандары оқиға орнына келіп жетті. Жағдай қауырт, шапшаңдық танытпаса қызыл жалын жақын орналасқан дүкенге ауысуы мүмкін. Тұтынушылар қарасы қалың. Сондықтан мамандар оқиғы орнын қоршауға алып, бірден отты ауыздықтауға кірісті.

Жанарбек Ахметов, оқу-жаттығу штабының бастығы:

 

 -Шақырту кестеге сай шығарылады. Оған 24 адамнан тұратын өрт сөндірудің 6 бөлімшесі қатыстырылды. Жоспар бойынша оқиға орнына жұмылдырылатын арнайы техникалардың саны алты.

Мына тұлып өрттен зардап шеккенің орнына қойылған. Мамандар оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, ендігі міндет оқиға орнына дер кезінде жеткен медициналық бригаданікі. Мамандардың арқасында қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды. Мұның бәрі тек оқу-жаттығу жұмыстары. Алайда апат айтып келмейді.

Елена Ковалёва, “Корона” СҮ әкімгері:

-Оқу-жаттығу жұмыстары жыл сайын өткізіліп тұрады. Мақсат жұмысшыларымыздың өрт шыққан кезде қандай і- қимыл жасауы керектігін пысықтау.

Жыл басынан өңірімізде 742 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 101 қызметінің мамандары 56 адамды аман алып қалған. Сақтансаң – сақтармын деген қағиданы естен шығармаған жөн. Оны суда құтқару қызметінің мамандары да жоққа шығармайды. Белое көлінде аз уақыттың ішінде екі бірдей төтенше жағдай орын алды. Онда суда құтқару қызметінің мамандары қайығы су бетінде төңкеріліп қалған балықшының өмірін сақтап қалды. Ер адамның суға құлағанын жағадағылар көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған. Олар оқиға орнына дер кезінде жетіп, келеңсіздікті ауыздықтады. Мына жағдай мүлдем бөлек. Суда құтқару қызметі сүңгуіріне жүктелген міндет – өзен   түбінен мәйітті табу. Ол жұмыста ойдағыдай орындалды.

Дмитрий Войтенко, сүңгуір:

Оқужаттығу жұмыстарына маникен пайдаланылды. Тапсырманы орындауға төрт адам жұмылдырылды. Үшеуі сүңгуір болса, біреуі жүргізуші. Біздің киімдеріміз жазғы, қысқы болып екіге бөлінеді. Жазғы киім дымқыл болады. Ол су астында сүңгуірді тоңдырмайды. Ал қыстық ол құрғақ. Онымен мұз астында су құрбандарын ұзақ уақыт іздей аласың. Ал бағытбағдарды бізге жағадағы маман белге байланған арқан арқылы береді.

Мақсат мамандардың әзірліктерін тағы бір мәрте пысықтау дейді ұйымдастырушылар.

Виктор Держанский, ҚР СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің бастығы:

-Республикалық оқу-жаттығу «Вариант В» деп аталады. Оның барысында қайықтан құлаған бір адамды құтқарсақ, екіншісі су құрбаны болған адамның денесін іздеп табу. Міндеттің бәрі белгіленген уақыт ішінде орындалды. Бұл жұмыстарға 7 маман, техникалардан екі машина бір моторлы қайық қатыстырылды.  

Жыл басынан өңірімізде 49 адамның ажалы судан келсе, 123 жерлесіміздің өміріне суда құтқарушылар араша түскен. Мамандар өзен-көлдердің жағасында болған уақытта қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керектігін ескертеді. Мұз жаңа қатты, бұл кез балықшылар мен балалар үшін өте қауіпті.

Самат Есмағи