Аптадағы маңызды жаңалықтар

Полицейлерді аттестациялау қорытындысы

 

 

Құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестациясы жөнінде қызметкерлер 3 ай бұрын білген болатын. Бұдан соң дайындық қыза түскен. ІІД тергеу басқармасы аймақтық бақылау және статистика бөлімінің бастығы Самал Құсайынова  – бұл маңызды емтиханнан сүрінбей өткендердің бірі. Ол жоғары лауазымға ұсынылған 18 қызметкер қатарында.

Самал Құсайынова, СҚО ІІД бөлім бастығы:
Аттестацияға дейін біраз дайындалдық. Ұжыммен бірге дайындалдық. Соның арқасында бәріміз сыннан сүрінбей өттік.

Аттестация бірнеше кезеңнен тұрған болатын. Күштік жаттығулар орындау, нысананы көздеп ату, заңнамалар бойынша тест және психологиялық сынақ тапсыру. Бұл сыннан 2293 қызметкердің 1968 өтіпті.

Қапез Дәулетбаев, СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының бастығы:
Аттестациялық комиссияның шешімімен 45 қызметкер қызметіне лайық емес деп танылып, лауызымы бойынша төмендетуге ұсынылды. Тағы да 38-і өзге қызметке ауыстырылуы мүмкін. Ал 193 тәртіп сақшысы жұмыстарынан босатылды.

Орындарын жоғалтқандардың дені – 2 немесе 3 сыннан бірдей өте алмағандар. Дегенмен, “аталған баппен жұмыстан босаған тұлғалар құқық қорғау органдарына қайта қызметке орналасулары әбден мүмкін», – дейді ІІД кадрлық жұмыс басқармасының бастығы.

Инеш Шоқақова