ТЖ

Құтқарушылардың қысқа әзірлігі тексерілді

 

 

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері, полицейлер, дәрігерлер мен коммуналдық қызмет өкілдері де осында. Бұлардың барлығы алда-жалда бола қалған оқыс оқиғаларда құтқару жұмыстарына қатысады. Түрлі сала өкілдерінен жинақталған шұғыл әрекет ету отряды барлық жағдайға әр уақытта сақадай-сай жүрулері тиіс. Сапқа түзелу дайындықты тексерудің бірінші кезеңі дейді құтқарушылар. Осылардың ішіндегі ең үлкен топ өрт сөндірушілер екен.

Болатжан Асқарбеков,  №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:

– Біздің міндетіміз – табиғи және техногендік апат кезінде адамдарды құтқару және апат зардабын жою. Бөлімшенің жеке құрамындағы адам саны – 20 және 5 техника бар.

Осылайша, қысқы уақыттағы құтқару жұмыстарына әзірлік екі күн бойы тексеріледі. Ең бастысы – межеленген жерге дер кезінде жетіп, қажет амалдарды қолдана білу дейді сынаққа қатысушылар.

Әрсен Қожанов, Петропавл қаласы әкімдігі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы:

– Әрбір топ өз міндетін орындайды. Табиғи сипаттағы оқиға болған жағдайда құтқару жұмыстары жүргізіледі, ал техногендік апат болса, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында жөндеу жасалады.

Барлығы отряд құрамына 118 адам мен 38 техника кіреді. Жалпы республикалық деңгейде техника мен құтқарушылардың дайындығын Төтенше жағдайлар министрі өзі бақылайды.

 

Данаш Хамзина