Спорт

Теннистен облыс чемпионаты

 

 

Теннис – шапшаңдық пен дәлдікті қажет ететін ойын. Үстел үстінен допты жерге түсірмей көз ілеспейтін қимылмен өз қарсыласыңа жеткізу сырт қарағанда өте тартысты көрінеді. Қызылжар ауданынан келген Айлана Ермекова бұл ережелерді жақсы меңгерген. Бүгін спортшы алғашқы екі партияны жақсы ойнады. Алдағы кездесулердің де сәтті болатынына сенімді.

 Айлана Ермекова, Шал ақын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
– Әрине бүгінгі топтармен ойнаған қиын. Бар күшімді салып ойнадым. Ең бастысы – ол өзіңе сену.  Қызылжар ауданымен ойнадым. 2:0 есебімен жеңдім.

Чемпионат жыл сайын үстел теннисінен үздіктерді анықтау мақсатында өтеді. Жарысқа облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің шәкірттері қатысады. Әсіресе оқушылардың күзгі демалыстарын ұтымды өткізуде жарыстың маңызы зор.

 Есілбай Омаров, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері:
-Осы чемпионатқа 9 команда қатысып отыр. Әр командада 6 оқушыдан, үш ер бала, үш қыз бала.  Осы жарыстың жеңімпаздары қаңтар айында республикаға барады.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда жыл өткен сайын үстел теннисімен айналысуға бет бұрғандардың саны артып келеді екен. Мәселен, Тайынша ауданының құрамасы бұл жарысқа алғаш рет қатысып отырса, Шал ақын ауданынан келген команда үнемі жеңіс тұғырынан көрініп жүргендердің бірі. Олардың жаттықтыушысы Игорь Никитин балаларды шыңдау үшін мұндай кездесулерді алдағы уақытта көп өткізу керек дейді.

 Игорь Никитин, Шал ақын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:
– Балалардың өз мүмкіндіктерін сынап-байқау үшін осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса деген тілегіміз бар. Жылына бір рет қана ұйымдастырылса, одан алатын тәжірибе де аз болады.

Жарыс үш күнге жалғаспақ. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Әспет Әбдірешова