Әр түрлі

Қала көшелерін қардан тазалау басталды

 

 

 

Данаш Хамзина, тілші:  
– Автокөліктер кеше көктайғақта сырғанаса, бүгін жауған қар тұрғындардың жүруіне қиындық туғызуда. «Қазгидромет» мамандарының мәлімдеуінше, түнде 14 мм-ге дейін қар түсіпті. Бұл біздің өңірдің қараша айы үшін қалыпты жағдай дейді олар. Әлі күні бойы ақ ұлпа үдететін көрінеді. Осыған орай осыдан 3 апта бұрын дайын болған қаланы қардан тазалаушы кәсіпорындар іске кірісіп кетті.

“Коммунхоз” кәсіпорны жұмыстарын сенбі күні бастаған. Мұнда бүгінде 170 адам қызмет етсе, 17 техника бар екен.

Антонина Кель, “Коммунхоз” МКК директорының орынбасары:

– Қарды уақытында жинап алатынымызға сенімдімін. Өйткені, бұл бағытта 20 жылдан астам жұмыс істейміз. Қазір көшелерді тазалауға нақты 156 адам бекітілген. Қарды қала сыртына 7 көлік шығарып жатыр.

Константин Хайловтың трактор рөліне отырғанына 22 жыл болыпты. Ол үшін елден бұрын таңғы сағат 6-да тұрып, қала көшелерін қардан тазартып қою үйреншікті іске айналған.

Константин Хайлов, “Коммунхоз” МКК механизаторы:

-Мен таңғы 5-те тұрып, сағат 6-да жұмысқа жетемін. Қар көп. Жұмыс артылып жатыр.

Негізі қардың жаууы бүгін түнде тоқтайды екен. Сосын екі күнге созылған суық болады. Яғни, сынап бағанасы минус 10-18-ге түседі деп отыр ауа райын болжаушылар. Ары қарай күн біресе жылып, біресе салқындайтын көрінеді. Дегенмен, ауа райының бұлай құбылуы – суыққа төзімді солтүстікқазастандықтар үшін таң қаларлық жайт емес.

 – Алғашқы қардың түскеніне қуаныштымын. Бірақ, көп жауып жатқан сияқты. Коммуналдық қызметтер Партизан және Абай көшелерін жинап жатқанын көрдім.

 
Данаш Хамзина