Білім

Ұстаздардың ұстазы және ғалым

 

 

Қанаш Шәкенов 1922 жылы Есіл ауданындағы Қаратал ауылында дүниеге келіпті. Оның Петропавл педагогикалық институтындағы еңбек жолы 1956 жылдан басталады. 1969 – 1987 жылдар аралығында жоғары оқу орнының басшысы қызметін атқарған. Міне, осы уақытта Қанаш Шәкеновтың білім ордасының қарыштап дамуына сіңірген еңбегі елеусіз дейді университет  ректоры Оңдасын Әшімов.

Оңдасын Әшімов, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

 – Қанаш Шәкеновтың кезінде 1-ші және 2-ші оқу корпустары, 3 студенттер  жатақханасы, оқытушылар мен қызметкерлерге арналған 2 тұрғын үй салынды. Агробиостанция жұмысын бастады және дене шынықтыру мен саз-педагогикалық факультеттері құрылды.

Қанаш Шәкеновтың сырласы әрі құдайы көршісі Александр Липовой да осында. Ол марқұммен Қызылжар көшелерін аралағандарын тамсана жеткізді.

 Александр Липовой, Петропавл қаласының құрметті азаматы:

-Мен Петропавл қаласының бірінші жетекшісі болып қызмет еткен уақытта Қанаш Шәкенов ректор болды. Түрлі мәселелермен жиналыстарда жиі кездесетінбіз. Сосын 1972  жылдан көрші болдық. Екеуміз бос уақытта бірге серуендеп, саясат пен философия жайлы көп әңгіме шерттік.

Жиында ғалымды әріптестері, үзеңгілес серіктері мен шәкірттері тамаша адам ретінде еске алды. Сөз алған әрбіреуі оның әділдігі, табандылығы, ақылдығы, даналығы мен парасаттылығы жайлы айтты. Қанаш Шәкеновтың досы Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Жүнісов өзі тірі болмаса да, дара тұлғаның сөзі мен ісін ұмытпаған қауымға ризалық білдірді.

Данаш Хамзина