ТКШ

Тұрғындар үйлер жаңғыртылуда

 

 

5 қабатты үйдегі жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында басталыпты. Электр энергиясын үнемдеуге арналған құрылғылар тартылып, подъездерге пластикалық терезелер орнатылып, үйдің сырты жөнделді. Енді шатырды толығымен ауыстыру керек. Шатырдың тозуы, әсіресе 5-қабат тұрғындарының қабырғасына батқан. Олар енді үйлеріне төбеден су ақпайды деп үміттенуде.

Дмитрий Касьянов, тұрғын:
– Мен осы үйдің тұрғынымын. Сонымен қатар баспанамызда жөндеу жұмыстарын жүргізетін серіктестікте қызмет етемін. Осындай ескі үйлерді жаңғырту бағдарламасының бар екеніне қуаныштымыз.

Батыр Баян көшесінде 66-шы баспана да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша қалпына келтірілуде. Мердігер – «Аркада трединг» ЖШС. Жөндеу жұмыстарына 32 млн теңгеден астам қаражат бөлініпті.

Игорь Стрельцов, «Аркада трединг» ЖШС маманы:
Қаржының 20 пайызы игерілді. Нысандағы жұмыстарды қаңтар айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз 2 жылдан бері үйлерді жөндеу және қалпына келтірумен айналысамыз.

Интернационал көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан 64 пәтерлі үйде де осы мекеме жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Мұнда өңірімізде алғаш рет автоматтандырылған жылу бекеті орнатылмақ. Яғни есептеу құралдары жылу температурасын өздігінен реттейтін болады. Жалпы баспаналарды жаңғырту бағдарламасы бойынша биыл елімізде 734 үйді жөндеу жоспарланыпты. Бағдарламаның екінші механизмі бойынша республикалық бюджеттен 8 млрд теңге қаржы бөлінген.

Инеш Шоқақова