Балалар

“Балапан” бағдарламасы жүзеге асырылуда

 

Олар үнемі тәрбиешілермен қатар ән-күй сабағының мұғалімі, психолог, логопедтің назарында. Арнайы мамандардың жұмысы бүлдіршіндердің бойларындағы дарындарын жетілдіруге сеп болып отыр. Азиза Есентаева университетті тәмамдаған соң, бірден балабақшаға жұмысқа орналасқан. Қызметіне көңілі толады. Өйткені бүлдіршіндермен жұмыс жасау үшін үнемі ізденісте жүремін дейді ол.

Әзиза Есентаева, “Арай” бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі:
Маған жұмысым өте ұнайды, жалақымыз жаман емес. жабдықтар жаңа. Жұмыс істеуге барынша жағдай жасалынған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің күн тәртібі бекітілген. Бірақ оларды қиын деп айтуға болмас. Жаттығу жасау, сурет салу, ән шырқап, өлең жаттау. Тәрбиеленушілердің күнделікті жұмысы осы. Дегенмен олар ойыннан да жалығатын көрінеді. Ата-аналарын тағатсыздана тосып, үйлеріне асығады. Настя мен Романың анасы Александра Максимова балабақшаға келгелі балалар жан-жақты дами бастады дейді.

Александра Максимова:
Менің балаларым  егіз. Сондықтан бірге өсіп келеді. Оларға әрдайым қарап, уақыт бөлу керек. Күнделікті жұмыстан соң оған үлгере бермейміз. Көп нәрсені балабақшада үйренеді.

Қазіргі таңда облыс орталығында 47 мектепке дейінгі білім беру мекемесі қызмет етуде. Оларда 7040 бүлдіршін тәрбиеленеді. Дегенмен кезекте әлі 9517 бала тұр. Жыл соңына дейін тағы да 400-ге жуық баланы мектепке дейінгі біліммен қамту жоспарда бар.

Сандуғаш Стабаева, “Арай” бөбекжай-бақшасының әдіскері:
Балалармен жұмыс мемлекеттік стандарттарға сай бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Кіші топтар «Алғашқы қадам», қалған бүлдіршіндер «Зерек бала» бағдарламалары бойынша тәрбиеленеді. Тілдің үштұғырлығына да мән береміз.

«Балапан» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы елімізде мұндай 4 мыңға жуық мектепке дейінгі мекеме есігін ашыпты.

Инеш Шоқақова