Бизнес және экономика

Кеден одағы аясында бизнесті дамыту мүмкіндіктері



 

 

Жиынға қатысушылар аймақтық форумның бұл жолғы отырысының бізде ұйымдастырылуы кездейсоқ емес дейді. Себебі Солтүстік Қазақстан Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан ірі өндірістік аймақтардың бірі болып саналады. Бүгінде өңіріміздің экономикасы қарқынды даму үстінде. Мәселен осы жылдың 8 айы ішінде облыс өнеркәсіп орындарының экспорттаған өнімдері 824 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл өткен 2011 жылдың  көрсеткішіне тең.

Елена Виссарова, “Атамекен” ұлттық-экономикалық палатасы СҚОФ директоры:
– Бүгінде кәсіпкерлерге барынша жағдай жасалуда. Қазіргі күні алыс-жақын шетелдермен әріптестік орнатуға мүмкіндік бар.Осыған орай Елбасы Үкімет отырысында «Атамекен одағы» мен жергілікті мемлекеттік органдарға, кәсіпкерлерге көмек ретінде бірқатар әкімшілік кедергілерді жоюды міндеттеген болатын.Қазіргі күні осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

Бірыңғай экономикалық кеңістік ашылғанымен кәсіпкерлер әлі де болса әкімшілік кедергілерден толықтай арылған жоқ.  

Андрей Гудко, Қазақстандағы “МТЗ-Азия Севис СҮ” ЖШС филиалының директоры:
-Біз Қазақстанға 4 жылдан бері ауылшаруашылығы техникаларын жеткізіп тұрамыз.
Соңғы 2 жыл ішінде барлығы қиындап кетті. Мәселен, осыған дейін бізден техника алған клиент оны өздеріне есепке қойып номер алуына 1 күн кетсе, қазір ол кем дегенде 2 айға созылады. Оның үстіне мемлекеттік техникалық бақылау ұйымы техниканы есепке қойған кезде оны жеткізушіден жанама салық жөнінде өтініш талап етеді. Ол ұйымның коммерциялық құпиясына нұқсан келтіру деген сөз. Осылардың барлығы бір ізділікке түссе, сатушыға да сатып алушыға да тиімді болар еді.  

Көш жүре түзеледі. Қазақстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттерінің  құрған бірыңғай экономикалық кеңістік алдағы уақытта өз жемісін берері сөзсіз дейді форумға қатысушылар.

Нүркен Шарбиев, Еуразия экономикалық комиссиясы департаменті директорының орынбасары:
-Мемлекеттік қолдау 2010 жылы қабылданған келісімде Қазақстан үшін – 3, Ресей – 4, Белоруссияда 18 пайыз болып бекітілді. Ал мемлекеттік қолдау болса 10 пайыздан аспауы керек деп келісілген болатын. Ең үлкен пайыз Белоруссияда, сондықтан оларға көрсеткішті қысқарту үшін уақыт берілді. 2016 жылы ол 10 пайздан аспауы тиіс. Ал өткен жылғы мониторингке келсек Қазақстандағы мемлекеттік қолдау  – 3,1 Ресейде – 4,2, Белоруссияда 11,7 пайызды құрады.

Үш елдің тауар өндірушілеріне де көрсетілетін мемлекеттік қолдау бір деңгейге жеткізілмек. Ал өз ісін одан әрі дамыту ол кәсіпкердің біліктілігіне байланысты. Ол үшін өндіріс көлемін арттыру қажет. Сол кезде айналымдағы қаражат көзі де ұлғая түсері сөзсіз.

Самат Есмағи