Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Южный” коллекторын қалпына келтіру жұмысы желтоқсанның 1-не дейін аяқталуы тиіс

 

 

 

 

“Южный” кәріздік коллекторының жалпы ұзындығы 5 шақырымнан артық. Қазіргі күні оның тең жартысы салынды. Өңір басшысы мердігерлерге жайбасарлықтан арылу қажеттігін ескертті. Негізгі жұмыстар желтоқсанның басына дейін аяқталуы тиіс..

Боташ Хайнетов, “Петропавл қалалық ТКШ бөлімі жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары” ММ бастығы:
-Қала ішінде бұл жұмыстарды жүргізу қиынға соғуда. Себебі көптеген желілер бар. Ол жоспарлау барысында есепке алынбаған. Қиындықтарға қарамастан мердігерлер негізгі жұмыстарды діттеген уақытта аяқтайды деп ойлаймын.

Тағы бір күрделі жұмыс – Есіл өзенінің үстімен құбыр тарту.  Мамандар ол жұмыстарды да белгіленген мерзімде аяқтаймыз деп отыр. Жобаға ел қазынасынан 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл мердігерлерге жұмыс күші мен техника жағынан еш қолбайлау болмауы тиіс

Александр Прокопьев, “СК-Максимум” ЖШС прорабы:
-Ең қиын аумақ ол Есіл өзенінен өту. Жалпы ұзындығы 300
метр. Оны екі бөлікпен жүргіземіз. Құбырды өзеннің астынан 2 метр тереңдікте өткіземіз.

Коллектор желісіне тартылып жатқан құбырдың сапасына шүбә жоқ, тек жұмыс қарқынын төмендетпеу қажет деді мамандармен тілдесу барысында өңір жетекшісі. “Южный” коллекторындағы өзі ағатын кәрізді жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Оны сапалы жүргузі үшін барлық жағдай жасалған дейді бас мердігер.

Мұратбек Омаров, “Рүстем” ЖШС директоры:
-Жұмысты белгіленген межеде аяқтауға толық мүмкіндік бар. Жұмыс күші мен техникалық жағдайымыз бар. Негізінен заманауи технология қолданудамыз. Ол жерді астынан үңгіп қазу. Ол жол бедерін бұзбауға мүмкіндік береді. Яғни жөл жөндеу шығыны төмендейді.

Мамандар күрделі аумақтар баршылық дейді. Солардың бірі Заречный кентінің сырты. Нысан басында 5 экскаватор мен 2 бульдозер жұмыс істеп жатыр. Мердігер жоспарды кестеге сай аяқтаймыз деп сендірді.

Самат Есмағи