Спорт

Мүгедек футболшылар жеңісі

 

Республикалық чемпионат қазанның 23-і мен 28-і аралығында өткен. Жергілікті құрама былтыр бұл жарыста топ жарған. Аяқ доп шеберлері биылғы чесмпионатта да өз тұғырын ешкімге бермей, жеңімпаз атанып оралды.

Владимир Фоленвейдер, құлағы нашар еститіндер арасындағы футболдан СҚО құрамасының жаттықтырушысы:
-Турнирге 8 команда қатысты. Барлығы жоғары дайындықпен келген. Жарыс екі топ бойынша өткізілді. Өз тобымызда біз екінші орын алып, жартылай финалда
Қостанай құрамасымен кездестік.  

Турнирде жерлестеріміз өз қарсыластарымен 5 кездесу өткізген. Оның біреуінде ұтылған спортшылар финалда Шымкент құрамасымен тартысты ойын өрнегін көрсеткен. Таразы басы тең түсті. Нағыз жеңімпазды білу үшін жарысты пенальтидің көмегімен шешуге тура келген.

Камиль Сюникаев, нашар еститіндер арасындағы футболдан СҚО құрамасының жартылай қорғаушысы:
– Басты мақсатымыз – бірінші не екінші орын алу болатын. Тәжірибеміз бар, құрамада төселіп қалған ойыншылар да жетерлік. Сондықтан бізге аса қиынға соққан жоқ.  

Турнир нәтижесі бойынша команда құрамындағы Евгений Груднев «Үздік ойыншы» аталымына ие болса, оның жаттықтырушысы Владимир Фоленвейдер «Үздік бапкер» деп танылды. 7 жылдан бері футболмен айналысып жүрген Евгений Груднев жоғары жетістікке тек табанды жаттығулардың арқасында жетуге болады дейді.

 Владимир Фоленвейдер:
– Евгенийдің біздің командада ойнап жүргеніне жеті жыл болды. Өткен жылдан бері спорт шебері дәрежесіне ие болды. Былтыр да, биыл да ол өзін жақсы қырынан көрсетті.  

Нашар еститіндер арасында футболдан кезекті чемпионат бір жылдан кейін Астанада өтеді. Команда құрамындағылар оған деген дайындықты осы кезден бастау керек дейді.

Әспет Әбдірешова