Қоғам

Майдангерлер оқушылармен кездесті

 

 

 

 9-10-сынып оқушылары бүгінгі шараға келген қонақтарды мұқият тыңдап отыр. Анатолий Гершунов өзінің өмірі жайлы әңгімесімен балаларды бірден баурап алды. Омырауындағы медальдар – ардагердің ерлігіне берілген лайықты баға. Зейнеткер үшін “Александр Невский” ордені ерекше. Азамат Отанын қорғау үшін қолына қару алып 3 жылдай қан майданда шайқасыпты. Анатолий Иванович өскелең ұрпаққа кеңес беріп, бүгінгі бейбітшілікті дұрыс бағалай білу керек екендігін айтты.

 Анатолий Гершунов, ҰОС қатысушы:
-Ұрпағымыз нағыз азамат болып өссе екен деймін. Әуелі жақсы оқып, кейін белгілікті бір мамандықты игеріп, ал уақыты келгенде әскери борышын өтеуі қажет. Кез-келген азамат өз елінің патриоты болуы тиіс.

Қонақтардың айтқанын ұйып тыңдаған кейінгі толқын өкілдері өз сауалдарын жолдады. Осындай белсенділік танытқан оқушылардың бірі – Әділбек Амангелдин.

Әділбек Амангелдин, №8 орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушысы:
ҰОС-на қатысқан ардагерлердің ерлігін ұмытпай, оларды әрқашан құрметтеуіміз керек. Жылдан-жылға олардың қатары сиреп барады. Орайы келгенде көмегімізді аямауымыз қажет. Өйткені осы кісілердің арқасында бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.

Бұл шара қазақстандық жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті ояту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да кездесуге 9-10-сынып оқушылары мен ардагерлер шақырылды

Нұрсаят Сәркен, «KazFond» жастар қоғамдық қорының атқарушы директоры:
Ең басты мақсатымыз, ардагерлер арқылы жастарға ең басты құндылық патриотизмді түсіндіру. Патриотизм жастарда жоқ деп айта алмаймыз. Бірақ оны одан әрі дамытуымыз керек.

Ұйымдастырушылар қараша айында осы сынды тағы 15 шара өткізуді көздеп отыр

Айдана Демесінова