Қоғам

Балалар құқығын қорғау акциясы

Бала – қоғамның ең қорғансыз бөлігі болып саналады. Ал оның толыққанды отбасында ешкімнен жәбір көрмей өсуі ата-аналары мен өсетін ортасына байланысты. Алайда бүгінде көптеген балалардың өз ата-аналарынан зорлық-зомбылық көретіні де жасырын емес. Акцияны ұйымдастырушылар жабырқаған бала көрсең, көмек қолын соз, оларға зорлық көрсетуге жол берме деген қағиданы әркімнің санасына жеткізсек дейді.

 Алина Орлова, «Әйелдерді қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
– Біздің сенім телефонына жылына шамамен 1200-ге жуық адам қоңырау соғады. Олардың біразы тұрмыстық жағдайда зәбір көрушілер. Негізінен баласы бар әйелдер көп көмек сұрайды. Отбасындағы кикілжіңдер зардабын көбіне балалар тартады. Күніне бір бала өз ата-анасынан жәбір көреді десек артық емес.

Кездесуді ұйымдастырушылар бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген ұстаныммен келісіп отыр. Себебі отбасындағы ұрыс-керіс пен жанжалды көріп өскен жасөспірім ержеткенде ата-анасының тағдырын қайталамасына кепілдік жоқ.

 Лариса Перова, Петропавл қалалық ІІБ бөлімінің аға инспекторы:
– Баланың көзінше жүйелі түрде қайталанатын ұрып-соғу, психологиялық қысым көрсету, ауыр сөз айтудың бәрі жиналып келгенде отбасындағы тұрмыстық зәбір көрсетуге жатады. 2012 жылдың он айы ішінде полиция 267 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім мен 204 нашар
тұратын отбасын тіркеуге алды.

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» шарасы 19 қарашаға дейін жалғаспақ. Оның барысында балаларды қорғау бағытында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

Әспет Әбдірешова