Тұтынушылардың газ үшін берешегі 18 млн теңге

ТКШ

14:25 31 Қазан 2012

Басты назар, әрине, берешегін өтеуден қашқақтап жүргендерге аударылуда. Алдымен сот орындаушылары Букетов, 3 мекенжайындағы 56-шы пәтердің есігін қақты. Газға 93 мың теңге қарыз баспана иесі үйде болмай шықты.
Келесі мекенжайдада пайдаланған көгілдір отын құны 113 мың теңгеге жетіпті. Мамандар  ескертпе қағазды есікке қыстырумен шектелді.   Брусиловский көшесіндегі  12-ші үйдегі 45-ші пәтер иесі Наталья Бектемірова да  қарызға белшесінен батқан. Бірақ қарызын қайтаруға асықпайтындардың қатарында. Тіпті сот шешімін де жоққа шығарып отыр. Бүгінде берешегі 44 мың теңгеге жетіпті. Сондықтан тұтынушы орталық желіден ажыратылды. Қарыз толығымен өтелгенше компьютері тәркіленіп алынды.
Мүлдем борышын өтеуден жалтарып жүрген осындай 305 абоненттің үстерінен серіктестік сотқа шағым түсіруге мәжбүр болған. Өтініштің барлығы қанағаттандырылып, 200-і бойынша қарыз өндіріліп алынды.

Елена Глухих, “Горгаз-серфис” ЖШС заңгер-кеңесшісі:
Біз тұтынушының жағдайын ескеруге тырысамыз. Жағдайы бола тұра қарызды өтемесе жылжымалы мүліктеріне тыйым салынады. Құнды заттары тәркіленеді. Биыл 2 адам берешегін төлемегендіктен шетелге шыға алмай қалды. Борышкерлер орталық жүйеге енгізіледі. Онда түскендері мүлкін сатып, техника не өзге де заттарын рәсімдей алмайды.  

Бүгінде “Горгаз-сервис” серіктестігінің орталықтандырылған желісіне 55 мың тұтынушы қосылған. Оның 4,5 мыңы пайдаланған көгілдір отын құнын айлап төлемегендер. 67 пәтер желіден ажыратылған. Оның 12-сіне газ жіберу биыл тоқтатылды. Кешенді шаралардың арқасында дебиторлық қарыз 27 млн-н 18 млн теңгеге дейін қысқартылыпты. Оның 99 пайызы жеке тұлғалардың мойнында. Азаматтар уақтылы  есеп айырысу үшін 548 нүкте қарастырылған.

Жеңіс Ермұқанов