Спорт

Бапкерлер семинары



 

Әлібек Кәйкенов – Тайынша ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы. 2 жылдан бері спортқа дарынды жеткіншектерге қазақша күрестің айла-тәсілдерін үйретуде. Өз біліктілігін шыңдауды да ұмытпайды. Дзюдоның тәсілдері қазақша күреске жақын болғандықтан, бұл спорт түрінен де өз тәжірибеме түйерім мол дейді ол.

Әлібек Кәйкенов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Тайынша ауданы:
– Мен өзім қазақша күреспен 10 жыл бойы айналысамын.
Жаттығушыларым жақсы нәтижеге қол жеткізуде.

Курстарға негізінен күрес түрлерінің жаттықтырушылары қатысты. Олар 2 күн бойы теориялық ерекшеліктерді меңгерді. Ал ең қызықтысы – осы практикалық жаттығулар болғаны анық. Білікті бапкерлер айла-тәсілдерді орындау шеберлігі мен бағалау тәртібінің маңыздылығына баса назар аударды.

Мейрам Хамзин, халықаралық дәрежедегі төреші:
-Жыл сайын сәл-сәл өзгерістер болып тұрады. Соны жеткізіп отырамын. Олимпиададан соң салмақтар мен ережелердің өзгеруі мүмкін.

Мұндай семинар жылына 2 рет өткізіледі. Бұл жолы оған 30-дан астам жаттықтырушы қатысып отыр. Оларға облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат  тәрбиеленушілерінің жаттығулары көрсетілді.

Жанат Елеусізов, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталық директоры:
– Мұндай семинарлар республикалық деңгейде де өткізіледі.
Оған біздің бапкерлер белсенді қатысады.

Курстарға қатысқан жаттықтырушылар арнайы сертификаттарға ие болмақ.

Инеш Шоқақова