Қоғам

Әуесқой фотосуретшілер байқауы

 

 

 

“Ауылдың гүлденуі”, “Мәдени мұра”, “Жас патриот”, “Салауатты өмір салты” аталымдары бойынша фотосурет байқауының жеңімпаздары анықталды. Суреттердің өмірге келу тарихы әр қилы. Бірақ арқау еткен тақырыбы біреу.

 Данис Нұрмұхаметов, “Поиск молодых и здоровых” ЖҚБ төрағасының орынбасары:
– Бұл тақырыптар Елбасы жолдауында көтерілді.
Президент елжанды ұрпақ тәрбиелеуге аса мән береді. Байқау арқылы біз келешек ұрпақтың Қазақстанның дамуын қалайша бағдарлайтынын анықтағымыз келді. Отандастарымыздың жетістігін фотокамералардың жасыра алмасы анық.

Байқауға қатысамын деушілер электронды поштаға ұтымдырақ түсірілген суреттерін жіберген. Барлығы 500-ге тарта еңбек бағаланды. “Туған өлкем” аталымында Асқар Қабикеновтің жұмысы үздік деп танылды. Петропавлдық әуесқой  өңір табиғатының сұлу көріністерін түсіріпті.

 Асқар Қабикенов, байқау жүлдегері:
– Өлкеміздің қоршаған ортасы шынымен өте көркем.
Мен еңбектерім арқылы туған жердің әсемдігін сақтап қалуға шақырамын. Көбі табиғатты ластамаудың маңызын түсінбейді.

Ал бас жүлдені Анастасия Питула ұтып алды. Петропавл қалалық құрылыс-экономикалық колледжінің студенті бірлігі жарасқан отандастарымыздың достығы паш етілген еңбектерін ұсынған.

Анастасия Питула, байқау жеңімпазы:
Әр азамат туған жерінің патриоты болуы керек. Ұлтаралық келісім мен ынтымақ орнаған ел халқының көңілдері жайдары. Мен осыны көрсеткім келді.  

Іріктеліп алынған үздік жұмыстар авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңіс Ермұқанов