Құқық қорғау органдары

Жол полициясының акциясы

 

Өз өмірлеріне бейжай қарамайтын балалар жолда жүру ережелерімен таныс, мұқият сақтайды. Дегенмен бұл ережелерге аса мән бермейтін жүргізушілер де бар. Акция олардың санын азайтуға бағытталып отыр. 9 ай ішінде облыста орын алған 286 жол-көлік оқиғасы 16 адамның өмірін қиды. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – жол ережелерін сақтамау, мас күйде көлік жүргізу болып отыр. Сондықтан акцияны ұйымдастырушылар көлік құралына отырған жүргізушілерді ішімдіктен бас тартуға шақыруда.

Әсия Ибраева, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:
2011 жылы ішімдік ішкен жүргізушелердің кесірінен 12 жол-көлік оқиғасы орын алды. Биыл бұл көрсеткіш 2 есеге артты деуге де болады. 9 айда 1947 мас жүргізуші ұсталып, 1094 -і жүргізушілік куәліктерінен айырылды.

Қанат Бейсеновтың рөлге отырғанына 5 жыл. Ол жол ережесін бұзбауға тырысатын жүргізушілер қатарында. Сондықтан аталмыш акцияны құптап отыр.

 Қанат Бейсенов:
Мұндай акциялар керек. Әрине, көлік жүргізгенде ішімдік ішуге болмайды.

Алайда бұл қағиданы ұстанбайтын жүргізушілер де бар. Соның салдарынан 23 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. 30 адам жарақаттанып, 8 адам көз жұмған. Жаяу жүргіншілердің де ішімдік ішіп, тәртіп сақтамай жол-көлік оқиғаларын тудыратыны жасырын емес. Биыл мұндай 17 факті тіркеліпті.

Инеш Шоқақова