Мәдениет

Жас дизайнерлер байқауы

 

Қолда бар заттардан ашық хат жасау. Бастысы ол А4 форматында әдемі әрі аса жоғары шеберлікпен жасалуы керек. Байқауға қатысушыларға осындай талап қойылды. “Сізге арнаймын” деген тақырыпта өз мүмкіндіктерін сынаған әрбір оқушыға бұл тапсырманы орындау үшін мұғалімдер көмектесті.

 Марина Гладкая, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының еңбек, техника және технология бөлімінің меңгерушісі:
– Дизайн бойынша тәжірибелік байқау жыл сайын өткізіледі. Талап бойынша мұғалім және оқушы бір жұпта жұмыс істейді. Бұл жолы осында келген қатысушыларды біз жеребе салу арқылы жұптарын ауыстырдық.

Оқушылардың көпшілігі өз ашық хаттарын қағаздан жасады. Ал 8-сыныпта оқитын Алтынбек Ғабдолла материал ретінде саз балшықты алып, өзгелерді таң қалдырды. Алтынбек соңғы үш жылдан бері осы сынды дүниелерді жасауға ден қойған. Талпынысы жақсы, жемісін де беріп жатыр.

 Алтынбек Ғабдолла, байқауға қатысушы, Қызыл Қазақстан орталау мектебі, Мағжан Жұмабаев ауданы:
– Мен жасап жатқан екі көгершін ол махаббатты, бақытты білдіреді. Айтқандай, оны жүзімдермен осылай оюлап, күн
шуағын барлығын бейнелеп шығамыз.  

Байқау шарты бойынша жеребе арқылы жұптасқан оқушы мен мұғалім бірлесіп жұмыс істеулері керек. М.Жұмабаев ауданының Құралай ауылынан келген еңбек пәнінің мұғалімі Қанат Исеков та өзінің жұбындағы Анна Бондаренко есімді оқушыға барынша ақыл-кеңесін айтып, онымен бірлесе жұмыс істеуде.

 Қанат Исеков, байқауға қатысушы, Қызыл Қазақстан орталау мектебі, М.Жұмабаев ауданы:
– Өз оқушым саз балшықпен жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі конкурстың жағдайы бойынша бізге басқа мектептің оқушысымен жұмыс істеуге тура келіп тұр. Міне, менің жанымда Бензостройдан келген оқушы. Осы қыз баламен жұмыс істеп жатырмын. Бұл жұмыс аппликациямен, яғни тері, мата қалдықтарын жапсыру арқылы жұмыс істеп жатырмыз.

Ұйымдастырушылар 10 жылдық тарихы бар дәстүрлі байқаудың жеткіншектердің дизайнерлік қабілеттерін шыңдай түсуде маңызы зор дейді.

Әспет Әбдірешова