Балалар

Солтүстікқазақстандықтар «Жас Отанның» съезіне әзірленуде

 

 

Мәжіліс залында бас қосқан жастар саяси мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Олар «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиясымен жете танысып, осы төңіректе ой өрбітті. Сондай-ақ отырыста «Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезі жайлы сөз қозғалды. Аталған шараға өңіріміздің атынан баратын жасотандықтар іріктелді.

Самат Жәкенов, “Нұр Отан” ХДП жанындағы “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы:
-Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – жастар саясаты. 2020 жылға арналған жастар саясатының стратегиясын құру басты назарда.
Бұл құжатты құруға еліміздің барлық жасотандықтары қатысып, өз ойларын қосты. Осы пікірлердің қайсысы стратегияға енгенін съезден кейін біле аламыз.

Елордада өтетін жиынға елдің түкпір-түкпірінен саяси өмірге араласатын, белсенді жастар жиналмақ. Біздің облыстан да үлкен делегация аттанады деп жоспарлануда. 113 солтүстікқазақстандық мұндай жақсы мүмкіндікке ие болады. 4 жылда бір рет өтетін съезге өңіріміздің атынан баратындардың бірі – Азат Тәжібаев.

Азат Тәжібаев, “Нұр Отан” ХДП жанындағы “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ мүшесі:
Мен өте қуаныштымын. Өйткені мен бірінші рет осындай съезге барайын деп жатырмын. Ол съезге бүкіл Қазақстаннан жастар жиналайын деп жатыр. Өзіме көптеген нәрселерді біле аламын деген ойдамын.

«Жас Отан» жастар қанатының ІІ Съезі қарашаның 16-ы Астана қаласында өтпек. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Айдана Демесінова