ТЖ

Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығулары

 

 

Астана көшесі, 59 а мекен-жайындағы құрылыс базарында өрт оқиғасы орын алды. Осындай суыт хабарды алған құтқарушылар оқиға орнына 10 минут өткенде жетті. Жалын шыққан жердің жалпы аумағы – 54 шаршы метр. Бір қуаныштысы, бұл жай ғана оқу-жаттығулар  үшін ойластырылған жағдай. Жоспар бойынша құтқарушылар сауда ғимаратындағы 30 адамды сыртқа шығарулары керек. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 құтқарушы және арнайы 4 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.

Серік Битанов, қалалық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мамандандырылған жасағының бастығы:
Жоспар бойынша бутиктардың бірінде өрт шықты. Оны сөндіруге 3 бөлім, яғни, мамандандырылған №2, №1-ші және 5-ші өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды. Оқу-жаттығуларға қатысқан бөлімдерге жақсы баға беруге болады. Хабар түскеннен кейін біздің қызметкерлер оқиға орнына 10 минутта жетті. Бұл уақытта өрт лаулап жанып үлгермейді.  

Өрт сөндірушілер жалынды 30 минуттың ішінде ауыздықтады. Яғни, оқу-жаттығуларында құтқарушылар өз міндеттерін ойдағыдай орындады. Осыдан бір жыл бұрын ашылған сауда орталығында өртке қарсы барлық жағдай жасалған. Мұндағы 15 дүңгіршектің әрбіреуінде тілсіз жауды ауыздықтайтын құралдар бар.

 Амангелді Қапенов, «Көтерме сауда орталығы» ЖШС еңбекті қорғау бойынша бас техникалық жетекшісі:
– Далада екі өрт сөндіру қабырғасы бар, жәшік құммен, шелектер, модульдің ішінде  өрт краны бар.
Ай сайын оны тексеріп отырады. Мында өрттің алдын алуға байланысты жауапты адам бар. Үш айда бір рет инструктаж оқылып отырады.  

Мұндай оқу-жаттығулары осымен бұл айда үшінші рет өткізіліп отыр.

Әспет Әбдірешова