Қоғам

Бір орталықтан көрсетілетін қызмет түрі көбейеді

 

 

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы 59 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Жыл соңына дейін тағы да 56-сын енгізу жоспарланып отыр. Кейбірі пилоттық жоба ретінде сынала бастапты. Бүгінде мұндай қызметтер түрі – 37.

Арнұр Шәймерденов, халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі:
– Бірнеше министрлік бойынша қызмет түрін кеңейттік. Біз әскери билеттер мен тіркелу куәліктерінің көшірмелерін береміз. 1 күннің ішінде әскери есепке тіркеп, шығару қызметін көрсетеміз.

Бұл үшін облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында 20 терезе жұмыс істейді. 40-тан астам кеңесші 2 ауысымда тұрғындардың құжаттарын ресімдеуге әзір.

Қайрат Асқарбеков, СҚО халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:
– Облыс бойынша 15 халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Оның 2-і Петропавл қаласында және 13 -і аудандарда орналасқан.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңартылуда. Арнайы құрылған жедел топтар аудандарға шығып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ал келер жылы автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беретін мамандандырылған орталықтар құрылмақ.

Инеш Шоқақова