Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін Еуроодақ нарығына шығаруға әзір

 

 

Қазақстандық азық-түлік өнімдерін Еуроодақ құрамына енетін елдердің нарығына шығару – бүгінде еліміздегі аса зор басымдық беріліп отырған бағыттырдың бірі. Екі күнге жоспарланған семинар-тренингте қарастырылатын мәселелер осы төңіректе болмақ. Қанша дегенмен Еуроодақ сияқты халықаралық аренада отандық өнімдерді саудалау үшін оның талаптары мен сұраныстарына сай болу қажет дейді мамандар.

 Эдуард Бакасеев, «Қазақстан Республикасындағы сауда саясатына жәрдемдесу және оны жүзеге асырудағы құралдар» жобасының ветеринария мәселелер бойынша аға сарапшысы:
– Ең алдымен, кәсіпорын өз өнімдерін Еуроодаққа экспорттауы үшін мемлекеттің рұқсаты болуы қажет. Екіншіден, кәсіпорынға да осындай рұқсат керек. Әрі Еуроодақ елдеріне шығарылатын өнімдер Еуроодақтың шарттары мен талаптарына сай болу керек. Оны Дублиннен келетін арнайы делегация қарап, кәсіпорынның одан әрі жұмысына қатысты шешімін шығарады.

Семинар-тренингті ұйымдастырушылар кәсіпорын иелеріне Еуроодаққа экспорттауға шығарғанға дейінгі талаппен таныстырды. Бүгінде бұл ұйымға Қазақстанның балық өнімдерін шығаруға ғана рұқсаты бар. Алдағы уақытта бал және жылқы етін экспорттауға көңіл бөлінбек. Бұл орайда жергілікті кәсіпкерлер мен азық-түлік өндірушілердің де үлесі зор болмақ.

 Нұрлан Мұхамеджаров, Уәлиханов аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
– Қазір әрбір облыстарға, аудандарға  шетелдерден мал әкелініп жатыр.
Аудан бойынша 31 мың ірі қара мал әкелініп жатыр асыл тұқымды. Экспорт бойынша бізде жоспарда бар.  

Мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге үлкен талаптар қойып отыр. Соның ішінде 60 мың тонна сиыр етін Европаға шығару – басты мақсаттардың бірі.

Әспет Әбдірешова