Ауыл шаруашылығы

Мал дәрігерлері қала кәсіпорындарын аралады

 

 

 

 Ветеринарлық инспекторлар алдымен “Фрегат” ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорында меймандарға шұжық өнімдерінің өндірісі көрсетілді. Ет өнімерінің 70-ке тарта түрі шығарылады. Күніне 30 бас ірі қара мен 60 шошқа сойылады екен. Бар санитарлық талаптар ескеріліп, тауардың санынан бұрын сапасына баса мән беріледі.

 Тілеген Сүлейменов, ҚР АШМ ветеринарлы бақылау комитетінің Петропавл аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы:
– Барлық өндіріс ветеринарлық қызметтің қатаң бақылауында. Малды союдан бастап өнім шыққанға дейін бірнеше тексерістен өтеді.

“Казмясопродукт” серіктестігінде де барлық технологиялар сақталады. Жуырда ескі қондырғылар Қытай, Ресей, Германияда жасалған озық үлгілеріне ауыстырылыпты. Жаңашылдық жұмыстың қарқыны мен сапасының артуына сеп болған. Мұнда да 70-тен артық ет өнімдері шығарылады. Кәсіпорында айына орта есеппен 50 тонна шұжық өндіріледі.

 Марс Абдурахманов, “Казмясопродукт” ЖШС ветеринарлық сарапшы-дәрігері:
– Аудандардан жеткізілген мал алдымен толықтай барлық ауруларға тексеріледі.
Кейін күй жинағанша бағып-күтіледі. Қажетті салмақ жиғанда тағы тексеріліп, бордақылау алаңына жөнелтіледі.  

Сондай-ақ санитар мамандар Петропавл бройлер фабрикасына соқты. Кейін олар балық және сүт өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Жеңіс Ермұқанов