Құқық қорғау органдары

Жол полицейлері өз жұмыстарын қорытындылады

 

 

 

Ағымдағы жылдың 9 айында өңірде жол ережелерін бұзудың 54 555 фактісі анықталған. Оның 5 мыңға жуығы жаяу жүргіншілердің кесірінен орын алған көрінеді. Көп жағдайда алкогольді ішімдікті пайдаланғандар да қайғылы оқиғаның себепкері болып жатады. Ащы су буына қызынып, рөлге отыратын көлік иелері де аз емес. Олардың саны 1947-ге жетті. Осылайша 1550 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылса, 571 адам әкімшілік жазаға тартылып, 10-15 тәулікке қамауға алынды. Баспасөз мәслихатында журналистерді көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірінің ауысу мәселесі қызықтырды

 Болат Дүйсенов, СҚО ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:
1993 жылы енгізіліп, қазір қолданыста жүрген нөмірлер біртіндеп жаңасына алмастырылады. Бұрын көліктің қай өңірден екенін әріп арқылы білетін болсақ, жаңа нөмірге сәйкес санына қарап ажырататын боламыз. Солтүстікқазақстандықтардың темір тұлпарларының нөмірінде 15 саны болады.

Сондай-ақ жиында көлік құралын басқару құқығын растайтын сенімхатты ресімдеу жайлы сөз болды. Енді азамат жазбаша сенімхатты жол полициясында тегін тіркету арқылы көлік жүргізе алады. Баспасөз мәслихатында заңбұзушылық мәселесі төңірегінде де әңгіме өрбіді.

 Болат Жексенбинов, СҚО ІІД ЖПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы:
-Жыл басынан 60 мың заңбұзушылық анықталған.
340 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Оның 70 пайызы өндіріп алынды.  

Жалпы осы жылдың 9 айында СҚО-да 286 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Онда 46 адам көз жұмып, 341

азамат жарақаттанған.

Айдана Демесінова