Құқық қорғау органдары

«Қауіпсіз жол»

 

 

Полиция тоқтатқан көлік жүргізушісі ереже бұзған жоқ. Тексеру кезінде құжаттары дұрыс болып шықты. Мамандар мұндай рейдтер кезінде үстіміздегі жылы жол жүру ережесін бұзудың 54,5 мың фактісін анықтаған. Сонымен қатар екі мыңға жуық өңір тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылды. Статистика деректері де көңіл көншітерліктей емес. Қазанның бірінен бері жол полициясы қызметкерлері 286 жол-көлік оқиғасын тіркепті. Оның кесірінен 46 адам қаза болған. Келеңсіздіктердің алдын алу үшін қазанның 24-і мен 29-ы аралығында республикалық маңызы бар «Қауіпсіз жол» акциясы басталды.

Сайлаубек Мусин, СҚО ІІД ЖПБ бастығының бірінші орынбасары:
Аталмыш шараны өткізу барысында республикалық маңызы бар жолдар және жергілікті жерде күшейтілген жұмыстар жүргізіледі. Оған жол полициясымен қоса, аудандық ішкі істер бөлімдері де тартылған. Сонымен қатар, түнгі уақытта ауылдық жерлерде патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар да жұмыс істейді.

Мұндай шаралар ішімдік ішіп алып, көлікке отырған немесе жол қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын жүргізушілерді анықтауда маңызды дейді полицейлер. Сонымен қатар, қатаң бақылау жылдамдықты арттыру, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтетін тұстарда ереже бұзушылықтың алдын алмақ. Акция барысында такси және қоғамдық көлік жүргізушілері де қатаң назарға алынбақ.

Әспет Әбдірешова