Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге арналған шеберлік сағаты

Ирина Ленгард кәсіпкерлермен бірнеше жыл жұмыс істеп келе жатқан білікті бизнес-тренер. Ол бүгін өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтарға тауарды сатуды көздеген сапалы жарнама жасау туралы айтуда. Өйткені, қаладағы кейбір жарияланатын ақпараттардың олқы тұстарын жиі байқап қаламын дейді маман.

Ирина Ленгард, бизнес-тренер:

– Тұтынушыны бірден қызықтыратын жарнама жасай білу қажет. Ол үшін адамдардың психологиясын түсіне білген жөн. Сол себепті кәсіпкерлерге жарнама элементтері мен жұмыс істеу принциптерін түсіндіремін.

Шеберлік сағатында кәсіпкерлер бизнес-тренермен бірігіп табыс формуласын қарастырды. Олардың әрбіреуі өз ісінің кірісін есептеп, оны екі еселендірудің есебін шығарды.

  Сәуле Айдарханова, “Өркен Медиа” ЖШС жарнама бөлімінің бастығы:

– Біз өңір бизнесмендерінің дамығанын қалаймыз. Олардың Ақмола облысы аумағына шығып, өз тауарын кеңінен ұсынуға мүмкіндіктері бар. Көптеген табыскерлер кәсібін дамытқысы келеді.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Сәуле Айдарханова қазанның 25-ін кәсіпкерлер күні деп жариялауды ұсыныпты. Бүгінде мұндай мереке Қазақстанда әзірге  жоқ екен. Құжат Үкімет қарауына жіберілген.

Данаш Хамзина