Қоғам

Орманшыларға құрмет көрсетілді

 

 

 50 қарағай ағаштары Мамлют қаласының орталық алаңына ерекше сән бермек. Жасыл желекті егуге облыстағы 12 орман шаруашылығы мекемесі жұмылдырылған.

 Мереке Құрманғалиев, «Булаев мемлекеттік орман мекемесі» ММ директоры:
– 2005 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл ел» бағдарламасын бастаған.
Сол бағдарлама аясында көшеттер отырғызылып, ормандарды көбейтуге атсалысып жатырмыз.

Осы саланың ардагері Геннадий Бубнов та игі шарадан шет қалмады. 20 жыл бойы орман және аңшылық шаруашылығы басқармасында еңбектенген Геннадий Михайлович қазір құрметті еңбек демалысында. Зейнеткер өңірімізді көркейтуге әлі де үлесімді қосамын дейді.

Геннадий Бубнов:
Көгалдандыру ісіне барлық халықты жұмылдыру қажет. Жастарды табиғатты аялауға, қорғауға шақыруымыз керек. Орман бұл өңіріміздің басты байлықтарының бірі. Сондықтан да жасыл желектерімізді көбейткеніміз жөн,

Кейін табиғат сақшылары мәдениет үйінде өткен «Еңбек адамына құрмет» атты салтанатты шараға қатысты. Мұнда облыстағы орман мекемелерінің 240 қызметкері жиылды.

 Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:
-Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады.
Әр орман саласындағы қызметкер күнделікті еңбектерімен өз үлестерін қосуға тиіс. Орман шаруашылығында өсімдік және жануарлар әлеміне көңіл бөліп жатқан адал және шаруақор адамдар жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын.

Өмірін табиғатты қорғауға арнаған бұл кісілердің еңбегі өлшеусіз. Олардың 1 күндік жұмысы 8 сағатпен шектелмейді. Орман шаруашылығы саласының қызметкерлері күні-түні жасыл желекті есік қақпай келетін түрлі апаттардан құтқаруға әзір. 35 жыл осындай ауыр жүкті арқалап келе жатқан Қайыркен Жұмбаевтың еңбегі де бүгін лайықты бағасына ие болды

 Қайыркен Жұмбаев, “Орлиногор мемлекеттік орман мекемесі” ММ директорының орынбасары:
Еңбегімді бағалап, орман шаруашылығы комитеті төрағасының құрмет грамотасымен марапатталдым. Енді алға қарай жұмыс істеп, орман шаруашылығын көгерте береміз деген ойдамыз.

Осы салада аянбай еңбек еткен 50-ге жуық азамат қошеметке бөленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Салтанатты жиын табиғат сақшылары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Айдана Демесінова