Қоғам

Екі майдангердің сүйектері табылды

 

 

 

Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған 15 мыңға жуық солтүстікқазақстандық әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар болып есептеледі. Бүгінгі күні тағы екі жерлесіміздің сүйегі табылды. Бұл петропавлдық Дмитрий Винников пен Мамлют ауданы Вишневка селосының тумасы Павел Поляков.

 Сағындық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
-Екеуінің де медальондары сақталған. Поляков Вишневка селосында тұрған. Мұндай ауыл қазір жоқ. Ауданда іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Петропавлда Винниковтың туыстарын іздеп жүрміз.

Жауынгерлердің есімдері естелік кітабына енгізілді. Екеуі де Ленинград облысы, Лодейнопольск ауданы, Сегежа селосында қаза тапқан. Қазанның 22-сі екі жауынгердің сүйегін Ресей геологтары тауыпты. Ол «Невская оперативная группа», «Сибирский рубеж» және «Невский пятачок» отрядтарының өкілдері. 4 сарбаз сүйектерінің екеуі солтүстікқазақстандықтардікі екені анықталған.

Сағындық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
Соғыс біткелі біраз уақыт өткеніне қарамастан, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің геологтары іздестіру шараларын жүргізуде. Бұл шарада солтүстікқазақстандықтар да белсенділік танытуда.  

Бүгінгі күні із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің туыстары іздестірілуде.

Айдана Демесінова