Балалар

Теріс діни ағымдардан сақтану жайлы семинар-тренинг


 

 “Прозрение-Көз жету” қоғамдық бірлестігінің мамандары кері әсерден қорғану тақырыбы бағытында бірталай іс атқарыпты. Қала мектептерінде бірнеше сабақ өткізіп, балалардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерьлерінде семинар-тренингтер ұйымдастырған.
Сол бір жүйелі жұмыстың біреуіне “Дарын” мектеп-лицейінің оқушылары да қатыстырылуда.

Максим Доценко, “Прозрение – Көз жету” ҚБ төрағасы:

-Біздің мақсатымыз оқушыларға теріс пиғылдағы діни ағымдардың арбауынан қорғануды үйрету. Өйткені, балалардың бұл қабілет деңгейі үлкендерге қарағанда төмен. Оларды ересек өмірге дайындау қажет.

Психологиялық сабақ барысында мамандар оқушылармен өзгеше жұмыс істеді. Ең алдымен дәріс оқып алып, соңынан дәлізге шығарып тақырыпты ойын түрінде түсіндірді. Осындай әдіс арқылы жеткен ақпарат есте жақсы сақталмақ. Негізі, теріс пиғылдағы діни ағымдардың зияны жайлы балалар хабардар екен. Олар деструктивті діни ұйымдардың қақпанына түспеуге қатысты өз ойларын білдірді.

  Андрей Бедин, оқушы:

– Әрине, біз бұның жағымсыз түсінік екенін білеміз. Менің ойымша, адам жақсы тәрбие алса, оның көзқарасы да түзу болады.
Евгений Тимошин, оқушы:

– Теріс ағымның ықпалына түсудің ешбір мағынасы жоқ. Өйткені, ол адам денсаулығы мен сана-сезіміне орасан көп зиян әкеледі.

Сабақ соңында оқушыларға ақпарат жазылған кітапшалар таратылды.

Данаш Хамзина