ТКШ

Борышкерлермен қалай күресуге болады?

 

 

Данаш Хамзина, тілші:
  -Коммуналдық қызметтің қарызын қайтару мәселесі бүкіл республика көлемінде көтерілуде.
Өйткені, қарыз көлемі 8 млрд теңгеге жеткен. Соның 202 млн-ы – СҚО тұрғындарының борышы. Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік өкілдері күш біріктіріп берешекті қалай қайтарудың амалдарын қарастыруда. Әйтпесе, борыш көлемі жуырда ғана басталған жылыту маусымында одан бетер көбеюі мүмкін.

Өңір халқы жылу мен жарыққа 160 млн теңге, суға 8 млн, ал көгілдір отынға 23 млн теңге берешек. Бір адамның жеке басында 100 мың теңгеге дейін борыш бар екен. Қала тұрғыны Клавдия Черкасова коммуналдық қызметтің ақысын мұндай жағдайға дейін жеткізбейді. Ол әрбір айдың 25-не жақындағанда барлық борышты жабуға тырысады. Өйткені, саналы азаматтың қарызға батуы ұят дейді зейнеткер.

Клавдия Черкасова, зейнеткер:

Бәрін уақытында төлеймін. Зейнетақым бар болғаны 20 мың ғана, соған автобуспен барып кассаға есептесіп қайтамын.

Сондай-ақ, қалалықтардың біраз бөлігі пайдаланған жылу мен жарық, су мен газдың ақысы міндетті түрде төлену керек дегенді бірауыздан мақұлдап отыр.

Төлеу қажет, сонда жылу да болады. Айлап өтемейтін борышкерлермен сот арқылы күресу керек. Мен мысалға жыл соңына дейін төлеп қойдым.
Қарызгерлерді әр түрлі әдіс арқылы төлеуге міндеттеу қажет. Коммуналдық қызметтін ақысын берсін. Әділдік қайда?
 
Данаш Хамзина