Құқық қорғау органдары

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық ахуал тұрақты

 

 Ағымдағы жылдың 9 айында өңірімізде тіркеуге алынған қылмыс саны 12 пайызға ұлғайыпты. Бұл көрсеткіштің көбеюін мамандар жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуімен түсіндіріп отыр. Яғни құқық қорғау органдарына келіп түскен барлық шағымдар электронды түрде тіркеледі екен. Кейін құқықбұзушылықтың деңгейі анықталып, кейбіреулері расталмайды.

Жанар Ілияс, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы:
-Тіркелген фактілердің дені Петропавл қаласы, Тайынша, Айыртау, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарына тиесілі. Облысымызда орын алған қылмыстық істің көбі – ұрлық фактісі болып табылады. Біреудің мүлкін қолды етудің 4000-ға жуық оқиғасы тіркелген.

Аталған басқарма қызметкерлерінің ықпалымен осы жылдың 9 айы ішінде 15 қылмыстық іс қозғалды. Бұл фактілер бойынша тиісті органдар өтінішті қабылдамай, қазан жабулы күйде қалыпты. Мұндай келеңсіздік әсіресе, облыс орталығында және Ақжар ауданында байқалған көрінеді. Жалпы өңіріміздегі қылмыстық ахуал өзгермеген дейді басқарма бастығы.

Жанар Ілияс, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасының бастығы:
-Облыстағы қылмыстық жағдай ушыққан жоқ. Ауыр қылмыс көрсеткіші 4 пайызға, ал аса ауыр қылмыстың саны 42,4 пайызға кеміді. Оның ішінде адам өлтіру фактісі – 23,9, денсаулыққа қасақана зиян келтіру – 23,2 және тонау фактісі 35,9 пайызға төмендеді.

9 айдың ішінде облыста ауыр және аса ауыр қылмыстардың 73,7 пайызы ашылды

Айдана Демесінова