ТКШ

Қарызын төлемегендердің істері сотқа берілуде

 

 

«Есіл су» мекемесі 208 елді мекенді сумен қамтитын магистральды су тарату желілеріне қызмет көрсетеді. Ал тіршілік көзін әр үйге жеткізу – «Есіл сумен» келісімшартқа тұрған серіктестіктердің міндеті. Алайда олардың ішінде төлемақыны дер кезінде өтемейтіндері де бар. Соның кесірінен бірқатар кәсіпорындарда қомақты қарыз жиылып отыр.

Мұрат Жантілеуов, «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының бас инженері:
– Олардың берешектері 1 қазанға 9,5 млн теңге болды. Олар бізге график бойынша 2,5 млн теңгедей төледі. Ең көбі – «Жәрдем» МКК, Сергеевка, Тайынша ауданы.

3 жыл бойы 1 текше метр судың құны – 40 теңге болып тұрақтаған. Дегенмен әр аудан тұрғындарының түбіртіктеріндегі сома әртүрлі. Яғни оған аудан ішіндегі сумен қамтушы мекемелердің шығыны кірістірілген.

  Мұрат Жантілеуов, «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының бас инженері:
Облыс бойынша 194 мың халыққа қызмет көрсетеміз. Және Қостанай облысының 2 ауданы. Жеке тұлғалар, кәсіпкерлер төлемақыны уақытында өтейді.

Суды көп тұтынатындардың қатарын шалақындықтар бастайды. Мұнда ай сайын 20-25 мың текше метр қолданылатын көрінеді. Сондықтан да Сергеевка қаласындағы «Жәрдем» МКК -ның «Есіл су» мекемесіне борышы – 3 млн теңгеге жуық. Оның 800 мыңы төленіпті.

Инеш Шоқақова