Әр түрлі

Облыстық статистика департаментіндегі «Ашық есік» күні

 

 

 

Статистика департаментінің қызметін көбіне мемлекеттік органдар, оқу орындары, қоғамдық ұйымдар пайдаланады. Сондықтан да бүгінгі ашық есік күніне осы саланың қызметкерлері келді. Жиылғандарды департаменттің сайты, «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесі жөніндегі мағлұматтар қызықтырды. Санақ мәліметтерін департамент шығаратын басылымдардан да білуге болады. Бұл мекеме ағымдағы жылы 21 жинақ және бюллетеньдердің 100-ден астам түрін жариялапты. Мәселен  «Солтүстік Қазақстан облысының өңірлері» кітабында 2011 жылдың толық статистикалық деректері берілген.

Гүлзиян Ізбасова, СҚО статистика департаменті бастығының орынбасары:
-Басылымдағы деректер демографиялық процестер, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық, халықтың өмір сүру деңгейі және әлеуметтік жағдайы, ішкі және сыртқы сауда, экология сұрақтарын қамтиды.

Өңірге тиесілі санақ мәліметтері ең алдымен респонденттермен жұмыс істеу басқармасына түседі. Бұл жерде ақпарат әр салаға бөлініп, сарапталады. Ағымдағы жылы мұнда 146 мың есеп келіп түсіпті. Уақыт өткен сайын аталған үрдіс жеңілдетіліп келеді. Бүгінгі күні статистикалық есептерді он-лайн режимінде толтырып тапсыруға болады.

Елена Басова, СҚО статистика департаментінің респонденттермен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы:
Респонденттерге 65 нысан бойынша қағазға көшірмей-ақ, он-лайн режиміндегі интернет-портал арқылы жұмыс орнында отырып, есеп тапсыруға мүмкіндік бар. Тек электрондық қолтаңба болса жеткілікті.

Жалпы департаментте 13 басқарма бар. Олар 19 сала бойынша ақпаратты іріктейді. Мәселен, еңбек және үй шаруашылығын зерттеу статистикасы басқармасы түрлі елді мекен тұрғындарының әлеуметтік жағдайымен танысып отырады. Сондай-ақ, мұндығы мамандар жерлестеріміздің орташа жалақысын есептеумен айналысады.

 Ләззат Жетпісова, СҚО статистика департаментінің еңбек және үй шаруашылығын зерттеу статистикасы басқармасының бастығы:
-Еңбек статистикасын жүргіземіз. Барлық кәсіпорындар бізге өз есебін тапсырады. Бір адамның орташа жалақысы қаңтар-тамыз айлары аралығында 67 мыңды құрады. Ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 45 мың, ал өнеркәсіп саласында 61 мыңды құрайды.

Айдана Демесінова