Бизнес және экономика

«Даму» қоры іскер әйелдерді қолдайды

 

 

Райхан Қожахметованың бизнес саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол он бір жыл бұрын дәмхана ашыпты, қазір соны дамытуда. Әйелдер кәсіпкерлігіне арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несиемен 6,5 млн теңге алыпты.

Райхан Қожахметова, кәсіпкер:

– Біздің дәмханада бір зал болатын, енді кеңейтіп, екіншісін қалпына келтірдім. Енді орындар саны көбейді.

Жобаның тиімді тұсы несиенің жылдық мөлшерлемесі көп дегенде 14 пайыз. Бұл кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай дейді “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының менеджері Әлия Айтұғұлова.

Әлия Айтұғұлова, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ аймақтық филиалының менеджері:

-Елбасының 2009 жылы Қазақстан әйелдерінің 5-ші форумында берген тапсырмасына сай осындай бағдарлама жасалды. Жоба екінші деңгейлі 5 банкте жүзеге асады. Жалпы, бүгінге дейін 30 іскер әйел 187 млн теңгеге қаржыландырылды.

Райхан Қожахметова, сондай-ақ, “Бизнестің жол картасы” жобасы бойынша да тегін кәсіпкерлікке оқыту курстарынан өтіп келіпті. Ол Астанада шетелдік мамандардан алған кеңесін міндетті түрде өз ісінде пайдаланбақ. Бұл ісімнің қарыштап дамуына септеседі дейді.

Данаш Хамзина