Мәдениет

Қазақ театры 14-ші маусымын бастады



 

Қыз Жібек пен Төлегеннің оқиғасы мәңгілік. Махаббат жыры пәк сезім, адалдық, достық пен ерлікті жырлайды. Қойылымды тамашалауға келген көрермендерге толы залда бос орын болмады. Өнерсүйер тұрғындардың біразы бұл спектакльді бірнеше рет көрсе де, дәл бүгін ерекше әсер алу үшін тағы келген. Театр директоры Қуандық Қасымов 14-ші маусымды “Қыз Жібек” қойылымымен ашуымыз бекер емес дейді. Өйткені, биыл қазақ жазушысы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толып отыр. Спектакльді қоюшы – Алматыдан арнайы келген режиссер Жанат Хаджиев. Қазақ сазды-драма театры әртістерінің өнері солтүстікқазақстандықтарды бір риза қылды. Осыдан кейін шығармашылық ұжым гастрольдік сапарға шығуды жоспарлап отыр. Театр әртістері маусым барысында көрермендерді жаңа қойылымдармен қуантпақ. Олар жуық арада Сафуан Шаймерденовтің 90 жылдығына арнап “Дөкей келе жатыр” спектаклін сахналайды.

Данаш Хамзина