Қоғам

Өңірге Республикалық ақпараттық-насихат тобы келді


 

Елбасы жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру үшін бірқатар басымдықтарды айқындады. Осы орайда қазір тұрғындардың игілігі үшін түрлі бағдарламалар іске асуда. Республикалық ақпараттық -насихат тобының мүшесі, қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мемлекеттік жобалардың тиімділігіне тоқталып өтті..

Берік Шолпанқұлов, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ҚР Қаржы вице-министрі:

– Азаматтардың еңбек етуі үшін “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы жасалды. Соның нәтижесінде қазір жұмыссыздық айтарлықтай төмендеді. Бүгінге дейін 69 мың адамды тегін қайта оқытып, 6 мыңын жұмысқа орналастырған екенбіз, 4 мыңы өздерінің жеке кәсіптерін ашты. Ең бастысы, ерінбеңіздер дейді Елбасымыз. “Қолжетімді баспана – 2020” жобасы да басты назарда. Мұнда жас отбасыларға қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Облыстық қазынашылық департаментінің бас маманы Гүлсара Сабыралина Елбасының жыл сайынғы Жолдауын асыға күтетінін айтады. Гүлсара Сабыралина саналы азамат ретінде құжатқа барынша байыптылықпен қарау керек дейді. Жиын тыңдаушылары ақпараттық-насихат тобының мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Соңынан құжаттағы міндеттерді атқаруға бірге кірісу қажет делінді.

Данаш Хамзина