Қоғам

Қорқыт ата – түркі жұртының ортақ мақтанышы

 

 

Қорқыт – тарихи тұлға. Ол – ғұлама ойшыл, жырау және қобызшы. Кейбір мәлімет көздерінде Қорқыт ата оғыз-қыпшақ тайпа бірлестігінде 10-ғасырдың басында дүниеге келген десе, басқа біреуінде 4-6-шы ғасырлар арасында Түркістанда туған деп жазылады. Негізі ол туралы нақты дерек жоқ. Жиында ең бастысы Қорқыт барлық түркі тілдес халықтарға ортақ делінді. Маңыздысы – ойшыл біріктіруші күш ретінде туыстас ұлттардың достығын нығайтып отыр.

Идрис Картал, “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасы:

– Қорқыт өз еңбектерінде өмір, дәстүр, адамгершілік қасиеттері мен жан тазалығын сипаттайды. Оның өлеңдері қобыз әуенімен әдемі үйлесіп отырған. Ал эпос кейіпкерлері тек мейірімді және әділ болған.

“Әл-Фараби” мектеп-лицейінде музыка пәнінен сабақ беретін Нұржан Сатин жыраудың әдеби-сазды мұрасының мол екендігін тілге тиек етті.М.Қозыбаев атындағы СҚМУ- де тарихшы мамандығына оқып жүрген Әсемгүл Темірханова да Қорқыттың шығармашылығын зерттеген. Ғұлама болашаққа мирас еткен рухани байлықтың бастауы сонау тереңде жатса да , ұрпақтар арасында үндестігін тауып отыр. Өнер колледжінің студенті Айғаным Махамбетова Қорқыт шығармаларының ішінен  “Қоңыр” күйін ерекше сүйіп орындаймын дейді.  

 Данаш Хамзина