Қоғам

“Әскерге шақырылғандар күні” акциясы

 

 

 

Шараға қатысушылар алдымен тәжік-ауған шекарасында болған қарулы қақтығыста ерлікпен қаза тапқан он жеті жауынгерге арналған монументке гүл шоқтарын қойды. Жиылғандар  батырлардың рухтарына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Кейін Әнұран шырқалып, көк байрақ көкке көтерілді. Туды аспанда шарықтату мәртебесі әскерге шақыртылған Абылайхан Сағындықовқа бұйырды. 20 жастағы жігіт Отан алдындағы парызын өтеу үшін күндізгі оқу бөлімінен сырттайға ауысыпты. Абылайханның бұрыннан аңсаған арманы орындалып, Республикалық «Ұлан» гвардиясының қатарына алынды.

 Абылайхан Сағындықов:
-Әскерге бару – әр ер адамның азаматтық борышы. Өзіндік Конституциялық парызы. Патриот болғандықтан әр ер адам әскерге баруы керек. Республикалық Ұлан қатарына енгеніме өте қуаныштымын.

Әскерге шақырушылар күніне арналған мұндай шаралар жыл сайын ұйымдастырылады екен. Ондағы мақсат – жастардың  Отансүйгіштік қасиетін ояту, әскери өмірмен таныстыру. Биылғы акцияның ерекшелігі – мұнда Отан алдындағы борышын өтеушілер ғана емес, мектеп оқушылары да шақыртылған екен

 Сағындық Сүлейменов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
-Бүгінгі шараға мектептердің, лицейлердің 500-ден астам оқушысын және әскерге аттанатын 100 шақты азаматты шақырдық. Оларға сапта жүруді, қоян-қолтық алыс жаттығуларын көрсетеміз. Болашақ отан қорғаушылар үшін бұлар пайдалы болады деп ойлаймыз.

Шараға келгендер әскери техника көрмесін де тамашалады.

-Мұндай салтанатты шараға қатысқаныма қуаныштымын. Қарулар және әскери техника қойылған көрмені тамашаладық. Өте қызықты болды.
-Әскери техникалармен, сарбаздардың өмірімен жақынырақ таныстық. Болашақта біз де Отан тыныштығын қорғайтын боламыз.

Айдана Демесінова