Салық басқармасы

Петропавлда қалалық салық басқармасы ашылды

 

 

Петропавл қалалық салық басқармасы Үкімет қаулысымен ашылып отыр. Ел қазынасына түсетін қаржы фискалды органның тиімді жұмысына тікелей қатысты. Өңірде бұл маңызды шаруа облыстық департамент мамандарының мойнына жүктелген. Атқарылатын іс бастан асады дейді мұндағылар. Енді жаңа басқарманың құрылуымен жұмыс қарқынымен қатар сапасы арта түспек.

 Мұрат Мұхамеджанов, Петропавл қалалық салық басқармасының бастығы:
– Бүгінде қала бойынша ғана 21 мың бизнес субъектісі тіркелген. Бұл 1999 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге артық. Ол уақытта 5,4 мың салық төлеуші болатын. Қазір облыс буджетіне түсетін салықтың 70 пайызы қалалықтардың үлесінде.   

Қалалық басқармада 14 бөлім жұмыс істейді. Олар Кәрім Сүтішев, 56А және Мир, 85 мекенжайындағы нысандарда орналасқан. Петропавлдықтарға бір терезе бойынша қызмет көрсетіледі. Алдағы уақытта бұл үрдіс тіпті жеңілдемек.

 Мұрат Мұхамеджанов, Петропавл қалалық салық басқармасының бастығы:
– Қалалық әкімдіктің қолдауымен осы тоқсанда электронды кезек жүйесі еңгізіледі. Бұл қаптаған кезекті тәртіпке келтіреді. Және тұрғындарғада өте ыңғайлы болады.  

Салық заңнамалары мен басқармаға қатысты барлық мәліметті орталық залда орнатылған компьютер арқылы білуге мүмкіндік жасалған. Салық қызметі тегін. Бейсенбі сайын халыққа кеңестер берілетін болады. Орталық қолданысқа берілгелі 311 кәсіпкер қызықтырған сауалдарына жауап алып үлгеріпті.

Мұрат Мұхамеджанов, Петропавл қалалық салық басқармасының бастығы:
– Салық заңнамаларына бірқатар өзгертулер енгізілді. Заңды тұлғалар бүгіннен бастап қалауы бойынша патент не
жеңілдетілген декларация талаптарын таңдай алады. Сондықтан сауда орындарында бір реттік талон алып жүргендерді ескерткім келеді. Жаңа жылдан бір күндік табыс салығы заңды күшінен айрылады.  

Бүгінде қаланың 8 ірі сауда орнында салықтың өзге түрлеріне көшуге өтініштер қабылданып жатыр.

Жеңіс Ермұқанов