Қоғам

Орманшылар 9 айды қорытындылады

 

 

 

Жыл басынан аң аулау ережелерін өрескел бұзудың 12 фактісі тіркеліпті. Қоршаған ортаға келтірілген залал 4,3 млн. млн теңгеге бағаланды. Бүгінде шығынның тең жартысы қайтарылды.

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
– Жыл басынан 22 елік атылды. Былтыр 16-сы құрбан болған. 1-ң құны шамамен 160 мың теңге. Оған қоса айыппұл салынады. 1 марал мен бір бұғы да браконьерлердің олжасына айналды. Бұлардың шығыны 100 пайыз толтырылды. Қабандарға қатысты заңсыз фактілер тіркелген жоқ.  

Биылғы күздің алғашқы күнінен саятшылық маусымы ашылды. Ал қазанның бірінен дала шошқасы мен елікке тұзақ құруға рұқсат етілген. Саятшылар тұяқтыларды аулағанда қастарында міндетті түрде қорықшы болуы тиіс. Аңшылық құжаты болғанымен, атып алған жануардың өзіне рұқсат қағазы болуы шарт. Қатайтылған тәртіп әуесқойларға тұсау болатын емес. Өткен 1,5 айда ғана 8 елік оққа ұшқан. Талапты ескермеген 8 азамат ұсталды.

 Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
-Соңғы оқиға Көкшетау Ұлттық паркінде тіркелді. Қазанның 10-на қараған түнде заңсыз аңшылық жасаған екі адам ұсталды. Олардан «ВАЗ- 09» көлігі, мылтық және атылған елік тәркіленді. Қазір шығын есептеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Табиғат сақшылары өткен 9 айда тағы 1 млн теңгеден артық айыппұл  салынған 150-ге тарта хаттама толтырған.

Жеңіс Ермұқанов