Білім

Жергілікті ғалымдар метеорит сынықтарын іздеуде



 

Елді мекен маңындағы диаметрі 1 шақырымдай ойық жер ғалымдардың пайымдауынша соғылулардың нәтижесінде пайда болған. Сол себепті солтүстікқазақстандық астрофизиктер бұл жерге жүздеген, тіпті, мыңдаған жылдар бұрын метеориттер құлаған деп жобалауда. Мысалға, салмағы мың тонналық болатын ғарыш денесінің құлап түсуі де болжанып отыр.

Сергей Сартин, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы астрофизикалық зерттеулер орталығының жетекшісі:

– Жарылыстың энергетикалық қуаты соншалықты мықты, тіпті, ойықтың ортасындағы топырақты алысқа лақтырып тастаған. Нысан өте үлкен. Тереңдігі 12 метрді құрап отыр. Ғарыштық дене дәл ортада тереңде жатқан шығар, бізге оған жету қиын.

Астрофизикалық орталық жетекшісі Сергей Сартиннің айтуынша, Солтүстік Қазақстан өңіріне жұлдыздар әрбір екі апта сайын түседі екен.  Ал ірі ғарыштық нысан 1920 жылы тіркеліпті. Метеорит Большая Малышка селосы маңында солтүстік-батысқа қарай ұшып бара жатыпты. Бірақ, әлгі дененің ізіне жергілікті ғалымдар түсе алмаған. Айта кету керек, темір метеориттер заманауи құрылғылардың көмегімен ізделеді. Сандық аппараттың арқасында 1 метр тереңдіктегі кез-келген темір затын тауып алуға болады. Құрылғы олжаға кезіккенде белгілікті бір дыбыс береді екен.

Қайрат Нағұманов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жанындағы астрофизикалық зерттеулер орталығының лаборанты:

-Мұның көмегімен ерте кезде атылған оқтың қаптарын тапқан болатынмын. Жаңағы кезде сақина, комбайн бөлшегін және тиын теріп алдым.

Ғалымдар аспаннан жерге құлаған денені әлі тауып аламыз деп үміттенуде. Олар жуық арада зерттеу жұмыстарын Становое көліне барып жалғастырмақшы.

Данаш Хамзина