Қайырымдылық

Кәсіпкер Мұрат Харсиев биыл білім мекемелеріне 3,5 млн теңге мөлшерінде демеушілік жасады

 

 

Үстелдер, есіктер, терезелер мен орындықтар – “Промстроймебель” ЖШС жұмысшыларының еңбегі. Кәсіпорынның нарыққа шыққанына 10 жыл толды. Барлық іс заманауи технологиялар бойынша атқарылады. Жұмысшыларға қажетті бағдарламаны таңдау жеткілікті. Теңдесі жоқ   итальяндық станок істі өзі дөңгелентіп әкетеді. Екінші құрылғы жиһаздың түсін жасауға арналған. Фирманы мұндай тың құрылғылармен жарақтауға Мұрат Харсиев 220 мың евро жұмсапты. Кәсіпкер «Жол картасы – 2020 » бағдарламасына жүгінген. Оның арқасында кәсіпорында 100-ден астам жұмысшы еңбектенеді.

Мұрат Харсиев, “Промстроймебель” ЖШС директоры, Мамлют қаласы:
– Біз мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға жиһаздай көмек көрсетеміз. Мектепке пластикалық терезелер орнаттық. Бұған шамамен 3 млн теңге қаражат жұмсадық.
Әр мереке сайын балаларға сыйлықтар тарту етеміз.

Кәсіпорынның демеушілік көмекке ерекше көңіл бөлетіндігі көрініп-ақ тұр. Биылдың өзінде серіктестік директоры аудандағы білім беру саласына 3 жарым млн теңге жұмсапты.

Мұрат Харсиев, “Промстроймебель” ЖШС директоры, Мамлют қаласы:
– Кәсіпорын ашылғаннан бері демеушілікке көңіл бөлудеміз. Барлығы 21млн теңгеге қаржылай қолдау жасадық. Бұл балалардың жағдайын жақсарту үшін жасалып отыр.

Воскресеновка селосындағы «Айбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндеріне де “Промстроймебель” ЖШС демеушілік көмек көрсетіпті. Тәрбиеленушілер жайлы әрі жаңа жиһазды ұқыпты ұстауға тырысады дейді балабақшаның әдіскері. Шағын орталықта 35 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Алтын Өсіпова, «Айбөбек» шағын орталығының әдіскері:
– Біздің балабақшамыз 2008 жылы ашылды. Оның ашылуына кәсіпкер Мурат Харсиев көп көмектесті.
Бұл істі өзге де кәсіпкерлер қолдаса игі.

Инеш Шоқақова