ТКШ

Сумен қамтамасыз ету – ел дамуының басым бағыттарының бірі


 

Су мәселесін шешу елімізде маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Біздің өңірде де бұған үлкен мән беріліп отыр. Алайда қаланы тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның табысы шамалы. Жалақы аз, сондықтан жұмысшылар тұрақтамайды. Бірі келсе, екіншісі кетіп жатады.

 Марат Мұстафин, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры:
-«Петропавл суда» былтырғы жылы 386 адам жұмыстан кетіп қалған. Биыл 9 айда 314 адам кетіп қалған. Олардың тарифтегі жалақысы 33 мың тг. Ал енді жаңа заңнама бойынша осы еңбекақыны облыстағы орташа жалақыға дейін көтеру.

Бүгінгі күні су құбырлары мен коммуналдық жүйелер 60-70 пайызға тозған екен. Оны жаңарту үшін қыруар қаржы қажет. Ал тарифтен түсетін пайда шығынды толық жаппайтын көрінеді. Сондықтан да ауызсу бағасын көтеру қажеттілігі туындап отыр дейді мамандар.

 Анатолий Мишин, Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:
-60 үйдің инженерлік желілері әбден тозған. «Петропавл су» 25-30 үйдің мәселесін шешуге ғана қауқарлы.

Алдағы уақытта 1 текше метр судың құны 200 теңгеден аспайтын кәсіпорындардың тарифтік механизмін өзгерту ұсынысы жасалып отыр. Бұл – су ресурстарын үнемдеуге де жол ашпақ дейді мамандар.

Айдана Демесінова